©2020 Астана Ақшамы
Авиамаршруттар форумы
Астанада алғаш рет авиамаршруттар форумы Routes Silk Road-2019 өтеді.
Форумның негізгі идеясы – ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азия үшін бағыттарды дамыту. «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-тің хабарлауынша, Routes Silk Road-2019 форумы осы жылдың 15-17 шілдесінде өтеді. Ол аймақтық авиакомпаниялар, әуежайлар мен туризм өкілдерінің басын қоспақ.
Routes Silk Road іс-шаралары 2015 жылдан бері өткізілмей келеді. Соңғы кездесу Грузияда өткен болатын. Бұл форумның елордада өткізілуі қала әкімдігінің Астана Конвеншн Бюросымен бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесі болып отыр.
– Астана әуежайы үшін «Routes Silk Road» халықаралық көрмесі маңызды оқиға болып саналады. Конференция өзін жоғары деңгейдегі әуежай деп жариялауға, жаңа жолаушылар терминалын ұсынуға, жаңа және қолданыстағы бағыттардың дамуын талқылауға мүмкіндік береді, – дейді Астана халықаралық әуежайының бас директоры Рәділбек Әдимолда.