АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕГЕН ЖӨН

0 122

Астанадағы №7 емхана 2007 жылдың қа­­­­ра­­­ша­ айында ашылған болатын. Қазіргі таң­да­ мұн­да жұмыс істейтін 149 дәрігер мен 234 мед­бике «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүз мыңнан астам тұрғынға мамандандырылған кеңес беріп, диагностикалық көмек көрсетіп келеді. Сейсенбі күні газетіміздің оқырмандарымен болған тікелей тілдесу барысында қалалық №7 емхананың бас дәрігері Айгүл Шалабайқызы Қуанышева осы және өзге де мәселелер төңірегінде әңгімеледі.

– Сәлеметсіздер ме! Скрининг де­ген­ді қалай түсінуге болады? Ол адам­ның­ қай жерін тексереді, сол жай­ын­­да қандай мағлұмат бере аласыз?

– 2011 жылдан бастап Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің 2010 жылғы 24 қа­ра­шадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Қа­зақстан Республикасының денсаулық сақ­тау­ саласын дамытудың 2011-2015 жыл­дар­ға арнаған «Саламатты Қазақстан» мем­ле­кеттік бағдарламасы бойынша Қа­зақ­стан Рес­публикасының әр азаматы жыл сайын ал­дын­ ала медициналық тексеруден өтуі тиіс. Скрининг – бұл ауруларды неме­се­ қауіпті факторларды ерте сатысында анық­тау­ және асқынулардың алдын алу үшін бел­гі­лі­ бір жас­тағы сау тұлғаларды алдын ала про­фи­лак­­тикалық медициналық тексеруден өткізу. Қыс­қаша айтқанда, «Ауырып ем іздегенше, ауыр­майтын жол іздеген» жөн.

– Түсінікті. Бұл қызмет сіздерде ақылы ма?­

– Скрининг сіз тіркелген медицина ме­ке­ме­сінде жүргізіледі. Қазақстанда скрининг­ те­гін медициналық көмектің кепілдік бе­ріл­­ген көлемінің тізбесіне енгізілген, яғни ақы­сыз.

– Айгүл Шалабайқызы, мектеп оқу­шы­ларын алдын алу ме­ди­ци­на­лық тексеру кезінде дәрігерлер қан­дай сырқат түрлерін жиі анықтайды?

– Өте орынды сұрақ, бүгінгі мектеп оқу­шы­­ла­­ры – еліміздің ертеңі. Сондықтан, олар­дың денсаулықтары қазіргі таңда емдеу ме­ке­ме­лерінде ең маңызды болып саналады. Өкінішке қарай, қазіргі кезде дәрігер мамандар тексеруінің нәтижесінде жеткіншектерде кө­бінесе анемия (қанның құрамында қызыл түй­іршіктердің азаюы), майтабан, сколи­оз,­ миопия секілді сырқат түрлері жиі анық­та­лады.

– Біз – Баймановтар отбасымыз, осы ем­ханада тіркеудеміз, қашан келсек те дә­рі­герлер үздіксіз жұмыс атқарып жатады, са­пасы жағынан да, науқасқа деген көз қарастары жағынан да әрдайым жағымды әсер қалдырады. Мүмкіндікті пайдаланып, Астанадағы №7 емхана ұжымына, мекеме басшысы Айгүл Шалабайқызына ал­ғысымызды айтайын деп едік.

– Нақты сұрағыңыз бар ма?

– Жоқ, тек сіздерге мықты денсаулық, ең­бектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз, қашан да мәртебелеріңіз би­ік болсын!

– Рахмет, ең бастысы, ауырмаңыздар.

– Сіздердің емханаларыңызда Жас­тар­­ Денсаулық Орталығы бар­­ еке­нін естігем, сол жайлы ақ­па­рат­ беріп өтсеңіз. Ол қандай бағытта жұ­­мыс­ істейді?

– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан да елі­міздің болашағы жастар екендігін айтып, оларға үнемі қамқорлық жасап, өзінің респуб­ли­ка халқына жолдауларында жастардың азаматтық белсенділігін дамытуға және жеке тұл­ға ретінде қалыптасуына айрықша назар аударып келеді. Осы орайда елорда емханаларында Жастар Денсаулық Орталықтары ашылып, қызмет көрсетуде. Біздің емханадағы «Шаңырақ» Жастар Денсаулық Орталығы 2008 жылдың қаңтар айында құрылып, өз­­ жұ­мы­сын­ әлеу­мет­тік,­ медициналық ба­ғыт­та­ дамытып, жасөспірімдер мен жас­тар­­дың­­ пси­­хо­­ло­­гия­­лық­­ денсаулығын ай­рық­­ша­­ қор­­ғау­ға­ алған. Нақтырақ айтқанда, на­ша­­қор­­­лық, темекіқұмарлық, маскүнемдік, ве­не­­ро­­логиялық аурулар, ортаны бөтенсіну, үл­­кен­­дер­дің­ тү­сі­ніс­пеу­ші­лі­гі,­ ст­рестер­ –­­ мұ­­ның­­ бар­лығы қазіргі жасөспірімдердің күн­­де­­лік­­ті өмірде кездестіретін түйткілдері. Көп жағд­айда ересектер тарапынан осы мә­­се­ле­лер­ге­ уақытылы әрі тиісті деңгейде көңіл бөлінбейді, осыған байланысты ор­та­лық­та­ қызмет көрсететін мамандар емхана ау­ма­ғына­ қарайтын оқу мекемелерінің оқу­шы­ла­рымен, студенттерімен алдын алу іс-шараларын жүргізіп, тиісті психологиялық кө­мектерін көрсетіп тұрады.

– Сәлеметсіздер ме! Қарт адам­дар­­ға қол жетімді медициналық кө­мек көрсету үшін сіздердің та­­рап­та­ры­ңыз­дан қандай іс-шаралар жүр­­гі­зі­ліп­ отыр?­

– Біздің емханамызда алдын алу әлеуметтік жә­не­ психологиялық көмек көрсету бө­лім­­ше­сі ашылған. Бөлімшедегі әлеуметтік қыз­мет­керлер жасы үлкен, ауыр халдегі нау­­қас­тарға және осындай қызметті қажет ете­тін­ адамдардың тұрғын үйлеріне барып жәр­де­мдеседі және де кезексіз дәрігерге кө­рі­ну­ді қамтамасыз етіп отырады.

– Баламмен невропатолог ма­ман­ның есебінде тұрып жеңіл екпе алып едік, енді екінші баланы бо­сан­дым, дені сау. Оған жеңіл вакцинация жасауға бола ма?

– Денсаулық сақтау министрлігінің бұй­ры­ғы­ бойынша 2013 жылдың екінші жартысынан бастап барлық сәбилер «Инфанрикс» вакцинасын алады.

– Үш жастағы ұлымды ба­ла­бақ­ша­ға­ беріп едім, содан бері жиі ауыратын болды. Осыған бай­ла­ныс­­ты сіз­дерден тегін дәрі-дәрмек ала ала­мыз­ ба?

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақ­­тау­ министрлігінің 2011 жылғы 4 қа­ра­ша­да­ғы №786 бұйрығы бойынша балалар дә­рі­ге­рінде тегін дәрі-дәрмек тізімі бар. Бұл ақ­па­р­аттар емханада ілінген стендтерде жа­зыл­ған немесе оны учаскелік дәрігерден анық­тауға болады.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × three =