АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ

0 142

Қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтау мақсатымен ақпанның 1-10 аралығында елордада ар­найы онкүндік өтеді.

Өткен жылы тіркелген мәлімет­терге сүйенсек, елордада сүт безі қатерлі ісігі бірінші орында тұр. Одан кейінгі тізімді өкпе обыры, асқазан қатерлі ісігі жалғастырады екен. Онкүндік барысында дәрігер­лер жатыр мойны, сүт безі және тоқ ішектің қатерлі ісіктерін анық­тау бағытындағы скринингтер жүргізуде.

Астаналық дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жартысынан көбі аурудың әбден асқынған сатысында ғана ақ халаттылардың көмегіне жүгінеді екен. Сондықтан, тұрғындар арасында қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтайтын скринингтерді жиі өткізіп тұрудың маңызы өте зор.

Денсаулық сақтау басқар­масы­ның хабарлауынша, 2013 жылы Астана қаласында кезең-кезеңімен скринингтің жаңа түрлері – өңеш, асқазан, бауыр, қуық асты бездерінің қатерлі ісіктерін анық­тау жүзеге асатын болады.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − 1 =