Ауылдың мәселесі жетіп артылады

0 45

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттар партиясы Қазақстанның жаңа даму моделін ұсынады. Партия азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасын әзірлеуді ұсынып отыр.

Бұл мәселе – әлі де кенже қалып отырған нағыз аграрлық салаға қатысты дүние. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жылдық өтемақысы 2 пайызды құрайтын несие беру жүйесін назарға алған. Осы орайда «Ауыл» партиясының мүшесі, журналист Зейін Әліпбек «ауылдықтар» қандай нақты мәселелер көтеретінін жария етті.
«Қазақстан халқының жартысына жуығы ауылда тұрады. Қарап отырсақ, біздің партия тек ауыл халқының мәселесін көтереді. Парламентте халықтың жартысына жуық азаматтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын партияның болуы заңды әрі әділетті деп есептеймін. Бүгінде елімізде көмекке, қолдауға мұқтаж болып отырған аймақ – ауыл, ауыл халқы. Қаладан сәл ұзап шықсақ, біраз уақыттан бері хал-күйі өзгермеген ауыл басталады. Түптеп, түйіндеп келсек, көп ауылда ауызсу тапшы, жолы нашар, байланыс жоқ немесе нашар, медицина мекемелері тозған, маман тапшы. Ауылда жұмыссыздық көп» деді ол отандық БАҚ-тың біріне берген сұхбатында.
«Ауылдықтар» қазақ халқының мәдени құндылығы мен дәстүрін қорлауға тыйым салу туралы заң жобасын ұсынбақшы. Мұнда алты мәселе қарастырылған. Соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тіліндегі контентті арттыру бар.
«Ауыл» партиясы қандастар мәселесін де көтерді. Қазақстанға қоныс аударушы қандастардың елге келгенде кезігетін бар проблемасын жан-жақты шешетін кешенді бағдарлама әзірлеуді ұсынып отыр».

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − one =