«Ауыл» тізімін тіркеді

0 25

«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер куәлігін алды. «Партияның XVIII съезінде біздің партияның 19 мүшесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысады. Олар партиялық тізімге енгізілді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы оларды толығымен тіркеді» деді «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев.

Үміткерлердің қорытынды тізіміне партияның 19 өкілі кірді, олар: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Қайрат Айтуғанов; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті басқармасының жетекшісі Қарлығаш Аралбекова, «Номад» шаруа қожалығының төрағасы Николай Арсютин, Қазақстан журналистері кәсіподағының басшысы Зейін Әліпбеков, «Зылиқа» шаруа қожалығының төрағасы Нұржігіт Бегалы, «Астана» ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кооперациясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Зейнуллин, ҚР Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің департамент директоры Әйгерім Көкеева, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, «Инновациялық технологиялар академиясы» ЖШС бас директоры Болатбек Қыстау, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кенжеғали Машырықов, экономика, қаржы саласының білікті маманы Алмас Мұхаметов, «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков, экономика және бизнес магистрі Айдар Сәттаров, ҚР БҒМ ҒМ Экономика институтының директоры Әзімхан Сатыбалдин, «Мәміле» ауызекі қазақ тілі клубының негізін қалаушы Қанат Тасыбеков, экономика ғылымдарының докторы Рабиға Тоқсейітова, «Әдемі-ай» компаниясының құрылтайшысы Бахаргүл Төлеген, «Азимут» ЖШС директоры Валентин Хаданович.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + twenty =