АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ АХУАЛЫ

0 123

f2be99505c9ced609a16d0886527520c

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Ол ауыл шаруашылығы тиісті деңгейде жұмыс істемей жатыр деген уәжбен келіспейтінін жеткізді.

Атап өту керек, сенаторлар Ауыл шаруашылығы министрлігін сынап, «Агробизнес» бағдарламасына жұм­салатын қаржыны қадағалауға алып, Елбасының ет экспортына қатысты тапсырмасын орындауға мән беру керектігін қадап айтқан болатын.

ҚР Ауыл шаруашылығы министр­лігінің жауапты хатшысы Арман Евниев маңызды 29 азық-түлік түрінің (ет, сүт, ұн, жарма, көкөніс, т.б.) тек 6 түрінен отандық тауар үлесі 80 пайыздан кем екенін айтты. «Қант, құс еті, сары майға «Агробизнес» бағдарламасында басымдық беріп, үлкен көңіл бөлеміз. Жоспарлар әзірленіп, субсидиялау жүйесі бойынша тиісті қаржы бөлініп жатыр. Осы бағыттарда өсім динамикасын бақылап отырмыз» деп атап өтті ол. Сүт өндірісі мен оны қайта өңдеу үшін шикізатты сатып алу бойынша қайта өңдеуші кәсіпорындарға қолдау көрсету қарастырылған. «Бұл шара ірімшік, сары май және құрғақ сүт өндірісін арттыруға ықпал етеді. Ал, өзге индикаторлар бойынша көрсеткіштер 80 пайыздан асады, бірқатар көрсеткіштер бойынша ішкі нарық 100 пайыз қамтамасыз етілген» деді министрліктің жауапты хатшысы.

Еркежан СӘТІМБЕК

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + two =