Ауыл шаруашылығына арналды

0 87

Кеше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнеркәсібі экономикалық дамуының өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция  болды.

Оған Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан және басқа да елдерден 200-ден астам ғалымдар, оқытушылар, магистрлар мен студенттер қатысып, алдымен сөз алған университет ректоры Ақылбек Күрішбаев ДСҰ-ға кіру үшін қажетті жағ­дайлар тудырудың маңыздылығын атап өтті. «Біз ауыл шаруашылығы өнім­дері­нің­ бәсекеге қабілеттілігі туралы айтқан кезде, әлемдегі барлық дамыған мемле­кет­терде оның мемлекеттік қолдаумен қам­та­ма­сыз етілгендігін еске­руі­міз­ ке­рек. Яғни, бюджеттік суб­си­­дия­лау жолымен. Ешқандай жерде нарық пен бизнес өз-өзінен қызмет істей алмайды» деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар, конференция барысында Қазақстанның ауыл шаруа­шы­­лы­ғы өнеркәсібінің (АӨК) түйт­кіл­ді мәселелері талқыланып, Кеден­дік одақтағы көршілерімізбен салыс­тыр­ған­да,­ аталған салаға мемлекеттік қолдаудың төмен деңгейде екендігі баса айтылды. Мәселен, Белоруссияда бұл саланы мемлекеттік қолдау 17 пайызды құраса, Қазақстанда 5 пайыздан да аспайды екен. Сонымен қоса, Еуропа елдерімен салыстырғанда, біздің елде бір тауарды өндіруге 3 есе артық шығын кетеді.

Бүкіләлемдік банк өкілі Ричард Буркрофф өз баяндамасында Қазақстандағы ауылдық инвестициялық жағдайлар мен кірістерде өте күрделі мәселелер бар­ екендігін айтып, оларды шешу үшін халық­ара­лық тәжірибелерден бірнеше жоба ұсынды.

 Ербол ЖАНАТ, Еркеғали бейсенов

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four − 1 =