«Ауыл» 19 үміткерін ұсынды

0 10

Жақында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы кезектен тыс XVIII съезін өткізіп, онда Парламент Мәжілісі сайлауына қатысуға 19 үміткер ұсынды. Үміткерлердің үштен бірі жастар мен әйелдерден құралған.

Тізімде аграрлық саланың сарапшылары ғана емес, шығармашылық өкілдері де бар. Атап айтқанда, «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Зейін Әліпбек, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, партия төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы, тіл маманы Қанат Тасыбеков, Қазақ агротехникалық университетінің басқарма төрағасы Қайрат Айтуғанов және т. б. Жалпы 654 үміткер партия атынан мәслихат сайлауына қатысады.
Қазіргі таңда «Ауыл» партия­сының, еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын қосып есептегенде, 17 филиалы бар. Партияның 300 мыңға жуық мүшесінің қатары күннен-күнге толығып келеді. Тек соңғы жылдың өзінде 52 мыңнан аса адам партия қатарына қосылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + 7 =