Аурухана қайта жаңғырады

0 19

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Орталық теміржол ауруханасын жаңғырту мәселесі бойынша инвесторлармен кездесті. Бұл туралы қала басшысы Instagram парақшасында хабарлады.

«Ruzgar Tedavi Hizmetleri Company» компаниясының өкілдері мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында аурухананың жаңа ғимараттарын салады. Инвесторлар осы медициналық мекемеге барып, стационарлық қабылдау, диагностикалық және жалпы хирургия бөлімдерінің жұмысымен танысты. Бұл компанияның денсаулық сақтау нысандарын салуда айтарлықтай тәжірибесі бар» деп жазды Алтай Көлгінов.
Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы орталық теміржол ауруханасының апатты жағдайын атап өткені мәлім. Ғимарат 60 жыл бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Бұған дейін аурухана жұмысын қолдау үшін ескі ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілген еді. Жеке инвестицияларды тарту есебінен аурухананы одан әрі жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ Сарыарқа ауданында халықтың тығыз орналасқанын ескере отырып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 800 орындық көпсалалы аурухана салынады деп жоспарлануда. Медициналық мекеме әлемдік стандарттарға сәйкес заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =