Аурухана 12 күнде салынды

0 12

«Көз – қорқақ, қол – батыр» деп осыны айт! Кім не десе де, біздің жігіттер үлкен жұмыс бітірді. Мына суретті үдемелі терапия бөлімінен түсірдік. Алдағы күндері біз дәрігерлермен бірге жабдықтарды іске қосып, госпитальға өткіземіз. Дәрігерлер бізді асықтыруда және қауіпсіз технологиялар мен аймақтарға ризашылығын білдіруде. Енді олар ауру жұқтырмайды» деп жазды BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев.Елордадағы төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын 200 орындық аурухананың құрылысы 5 сәуірде басталған. Нысанды салуға тез тұрғызылатын құрылыс материалдары пайдаланылды. «BI Group» құрылыс компаниясы бұл нысанды 12 күнде салып бітіруді жоспарлап, 17 сәуір күні аяқтады. Ғимарат 25 сәуірде пайдалануға беріледі. Қазір ол жерге құрылғылар, жабдықтар қойылуда. «BI Group» баспасөз тобының жетекшісі Юрий Дороховтың айтуынша, бір қабатты аурухана 7006 шаршы метр жерге орналасқан. Аурухананың ішінде үдемелі терапияға арналған 20 орын бар. Сондай-ақ арнайы зертхана, компьютерлік томография, рентген кабинеттермен жасақталған.
Ғимарат темір-бетоннан тұрғызылды. Темір-бетонды неміс технологиясы бойынша елордадағы Modex компаниясы дайындаған. Яғни модуль қа­лып­қа құйылып, бірден құрылысқа жеткізіліп, орнатылады. Аурухананың есіктері мен терезелері герметикалық, яғни ауа өткізбейді, арнайы Беларусьтан әкелінген. Әр палатаның өз әжетханасы бар. Ғимараттың іші медициналық газ жүйесімен жабдықталып, әрқашан залалсыздандыру режимі сақталады. Айтарлығы, құрылыс жұмыстарына 1300-ге жуық адам тартылып, 100 техника жұмылдырылған.
– Бұл нысанның басқа инфекциялық-жұқпалы ауруханалардан артықшылығы – оның желдету жүйесінің өзі микроағзаларды, әсіресе, вирус пен бактерияны 99,99 пайызға жояды. Арнайы ауаны сүзу құрылғысы медицина қызметкерлерінің ауруды жұқтыру ықтималдығын азайта түседі. Жалпы, ғимаратты салуда Дүниежүзілік денсау­лық сақтау ұйымы белгілеген соңғы стандарттардың бәрін ескердік. Оның құрылысын ДДҰ-ның Еуропа бойынша директоры Ханс Клюг қолдады, – деді Юрий Дорохов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + eleven =