Аурудың алдын алады

0 33

Үстіміздегі жылдың 24 ақпаны мен 24 наурызы аралығында елордада «Уақыт өтіп жатыр!» айлығы жүруде. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова осы кезеңде туберкулез саласындағы мамандар халыққа осы аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы қажетті түсіндіру жұмыстарына шолу жасады. Қаланың БМСК ұйымдарында туберкулездің алдын алу бойынша ашық есік күндерін өткізу жоспарлануда.

– Бұл ұран – тек медициналық ұйымдарына ғана емес, қаланың барлық тұрғындары мен елорда қонақтарын туберкулезге тексеруден өтуіне, туберкулездің алдын алу және анықтау мәселелері бойынша білім деңгейін арттыруына, әркімнің өз денсаулығына қатысты белсенді жеке өмірлік ұстанымын қалыптастыруына шақыру, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын мұндай шара былтыр да өткізілген. Онда туберкулезді ерте анықтауды қамтамасыз ету мақсатында елорданың шалғай аудандарының тұрғындарын (Промышленный, Пригородный, Өндіріс, Көктал), сауда орталықтары және базарларының қызметкерлері мен келушілерін жылжымалы флюорографиялық қондырғыларда тегін тексеру жүргізілді. Шара барысында туберкулезге профилактикалық тексеру кезінде 5000-ға жуық адам қамтылды, оның ішінде 104-і тұрғылықты жері жоқ адамдар болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 3 =