«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ауқымды жұмыстар атқарылды

0 77

Нұр-Сұлтан қаласының полициясы өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, бас шаһардың қоғамдық тәртібін қамтамасыз етуде күн демей, түн демей еңбек етуде.

atsdgxk3-1140x815-1

 

Соның арқасында жыл басынан бері қылмыс жасау 5,5%-ға төмендеді. Сондай-ақ есірткі қылмыстарына қарсы күресте есірткіні сату, жарнамалау және елорда арқылы тасымалдау фактілерін анықтауға да басты назар аударылуда. Заңсыз айналымнан 169 кг есірткі, оның ішінде 2,3 кг «героин» алынды. Есірткі әзірлеумен айналысатын үш зертхананың қызметі тоқтатылып, 5 кг-дан астам «синтетика» тәркіленді.

Үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілердің, спорт мекемелерінің қатысуымен 248 рет алдын алу шаралары өткізіліп, 40 есірткі сайты бұғатталды.  «Нұр-Сұлтан – есірткісіз қала» 2022-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарлама әзірлендi.

Бүгінгі таңда құқық қорғау­шылар үшін қоғаммен өзара іс-қимыл, полиция қызметінің ашықтығы, сервистік модельге көшу мәселелері өзекті болып отыр.

Алматы және Сарыарқа ауданы аумағында «Қазақстан полициясының сервистік моделі» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

Қоғамдық орындарда қызметкерлердің тұрақты қатысуын қамтамасыз ету мақсатында полиция жұмысына «Жұртқа жақын полицей» қағидаты енгізілуде.

Өткен жылы қала бойын­ша 10 модульдік стационарлық полиция бекеті орнатылды. Учаскелік полиция пунктінің саны 27-ден 41-ге көбейді.

Полицияны шұғыл шақыру және дабыл сигналын беру үшін адамдар көп жиналатын орындарда 13 «SOS» дабыл батырмасы орнатылды.

Мемлекет басшысы 2022 жылды «Балалар жылы» деп белгіледі. Осыған байланыс­ты мектеп әкімшілігімен және ата-аналар комитеттерімен өзара іс-қимыл жұмыстары қайта қаралды.

1 қаңтардан бастап мектеп инспекторлары лауа­зымдары қысқартылды. Енді ювеналдық полиция қызметкерлері мектептерде отырмайды, олар бекітілген учаскелерде, оның ішінде білім беру мекемелерінің аумақтарында алдын алу жұмыстарын қамтамасыз етеді.

Кейінгі кезде қалада көлік құралдарын масаң күйде жүргізу фактілері айтарлықтай алаңдатады. Осы бағыттағы жауаптылықтың күшейтілгеніне қарамастан, 1 892 мас жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылса, 1 382 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Жол-көлік оқиғасын жасаған 33 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері азаматтарды тұрғылықты жерлері бойынша тіркеу, азаматтық қаруды тіркеу, жеке куәліктер мен паспорттарды ресімдеу сияқты 1 млн 245 мың қызмет түрі көрсетілді.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында 91% қызмет түрі электрондық түрге ауыстырылған. Алдағы уақытта жүйені 95%-ға дейін автоматтандыру жоспарланып отыр.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды