Ауқымды міндеттер артты

0 131

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында­ біздің алдымызға әлеуметтік, экономикалық, саяси­ бағытта жаңа мақсаттар қойып, көптеген міндеттер жүктеді. Осы орайда­ еліміздің құқық қорғау органдарының атқаратын жұмыстары да өте ауқымды екені анық.

Бүгінде «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мем­ле­кеттік мекемесінің және оның саптық бөлімдерінің ұжымы – негі­­­зі­­­нен іскер жастар. Олар­дың­ ел Пре­зиденті, Үкіметі және Ішкі істер министрлігі тап­­сыр­­ған барлық тап­сыр­ма­­лар­­ды­ ор­ын­дау­ға шамасы жете­ді.­ Басқарма қыз­мет­кер­лері аса маңыз­ды мем­ле­кеттік нысандардың қауіп­сіз­ді­гін сенімді қамтамасыз етуде. Олардың қатарында жер­гі­лікті басқару органдарының ғима­рат­­тары, мұрағаттар, көпірлер, су қоймалары, банктер, эконо­ми­ка саласының басқа да ны­сан­­да­ры бар.­ Жылма-жыл нысан­­дар­­­дың­ тех­ни­ка­лық базасы нығай­ып, күзет дабылдары,­ өрт­тен­ сақ­тан­­дыру құры­л­ғылары, бейне­ба­қы­лау, металл-детекторлар орнатылуда.­ Қыз­мет көлік­те­рі де талапқа сай­ жа­рақ­тан­ды­рыл­ған. Алдағы уақытта бұл сала­ға басқа да заманауи озық жаңа технологияларды енгізу жос­­­­пар­ла­нып отыр. Мұның бәрі маман­дан­ды­рылған күзет қыз­ме­ті сапа­сы­ның­ арта түсуіне сеп болары сөзсіз.

Мамандандырылған күзет қыз­ме­ті­нің саптық бөлімдері поли­ция­ күшінің ажырамас бөлігі ре­тін­­де қоғамдық қауіпсіздік пен тәр­тіпті сақтауға да лайықты үлес қосып келеді. Жедел басқару ор­­та­­­лы­­ғы­­нан түскен хабарларға шұғыл шара қолданып, оқиға бол­ған жерге жедел топтар жөнел­­­ті­леді. Олардың кәсіби дайын­дық­та­рын еселеу үшін жұмыс­тың түрлі әдіс-тәсілдері қол­дан­ыла­­ды.­ Басқарма қыз­мет­керлері – қатар­­да­ғы поли­цейлер емес, күзет бөл­ім­­де­рі­нің қыз­мет­кер­ле­­рін даяр­­лай­тын кәсіби училище­лер­­де­ ар­найы­­ дайындықтан өт­кен­ жо­ға­ры білікті кадр­лар.­ Қыз­­мет­ке қабылданарда үміт­кер­­лер­­дің­­ жал­пы­ мем­л­екет­тік­­ мүд­деге адал­­ды­ғы ар­найы тек­се­рі­ліп, олар­дың сенім­­­ді­­­лі­гі­ пси­хо­ло­гия­­­лық­­-әлеу­­меттік жағынан да ірік­­те­леді. Бас­қар­мада еңбек ететін қызмет­кер­лер үнемі әс­ке­ри дайындық жүйесіндегі ма­­шы­ғын және заң­дық білімін же­тіл­­ді­­ріп­ отырады. Осы мақ­сат­ты жүзеге асыру үшін бас­­қар­ма­да барлық жағ­дайлар жасал­­ған: жауынгерлік және қыз­­мет­­тік дайындық класы жаб­дық­­тал­ған, психологиялық жеңіл­­де­­ту кабинеті жұмыс істей­ді. Адам­дар­дың тағдырына қатыс­ты­ мә­се­ле­лер шешімін табатын бұл қызметке кадр таңдау – аса жауапты­ іс. Оқу орын­да­ры­­ның­ ұсын­ған­ үз­­дік­ сту­дент­те­рін осы­ са­ла­ға тарту үшін түсінік жұмыс­та­ры да тұрақ­ты жүр­гізі­ле­ді. Үміт­кер­лер­ді таң­дау­да тек қана дене шынықтыру көр­сет­кіш­тері емес, мінез-құлқына да ерекше мән беріледі.

Елбасы Жолдауында өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті ны­­ғай­­туға үлес қосу, ұлттық қор­ға­ныс­ қабілеттілігі мен әскери доктринаны қалыптастыру жайлы айтқан ойлары елім деген ердің көкейінен шыққаны сөзсіз. Ол өз сөзінде: «Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз ететін күшті, заманауи, қор­ға­нысқа қабі­лет­ті әскерді, пәр­менді құқық қор­ғау жүйесін құрдық. Біз 140 этнос пен 17 кон­фес­сияның өкілі тұратын елде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтап, нығайттық» деп атап өтті. Бұл – біздің саламызға берілген әділ баға әрі үлкен жа­уап­­­­кер­­­ші­­лік деп білеміз.

Есенбек БЕРДІҒАЛИЕВ,
полиция полковнигі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 5 =