Ауқымды істер арнасын табуда

0 99

Д.А.Қонаев атындағы университет­ колледжі 2002 жылдан­ бастап­ орта кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша­ «Құқықтану», «Есеп және аудит»,­ «Туризм», «Аударма­ ісі», «Бағдарламамен қамтамасыз ету», «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету» күндізгі және сырттай­ оқу бөліміне оқушылар қабылдайды. Колледжде­ оқушылардың сапалы білім алып, білікті маман­ иесі болуына­ толығымен жағдай жасалған. Колледж­ оқытушылары оқушыларды білім нәрімен сусындата­ отырып, болашақ маманды­ тәрбиелеуде мақсатты жұмыстар атқаруда.

2012-2013 оқу жылының қыркүйек айын­да­ «Қазақстан халықтарының тілдері» мере­­кесіне арналған «Достығымыз жарас­қан»­ атты фестиваль жоғары деңгейде өтті. Әр топ өзіне бекітілген ұлттың әнін, биін, тағамын, салт-дәстүрін көрсетіп, көрер­мен­дер­дің ризашылығына бөленді. Әділқазылар алқасының шешімімен бірінші орынды ҚҚ-9-12 тобының оқушылары иеленді. Топ жетекшісі З.А.Жұмабаева фестивальдің өту барысын қорытындылаған колледж директоры Г.Б.Момбекова оқушы­лар мен оқыту­шы­лар­ға алғыс сезімін білдірді.

«Желтоқсан жаңғырығы» атты тәуелсіздік күніне арналған театрландырылған көрініс көрер­мен­дер­дің көңілінен шықты. Іс-ша­ра­ны ұйым­дас­тыр­ған – ҚҚ-9-12 және ҚҚ-11-11 топтары. Жетекшісі – З.А.Жұмабаева. Колледж Қазақстан Республикасы Ұлттық акаде­мия­лық кітапханасымен бірлесіп, әдеп пен моральдық жалпы адамдық қасиеттерді бекіту, әділеттілік пен шығармашылық тұл­ға­ны тәрбиелеу мақсатында қала мектеп­те­рі­нің оқушылары арасында шығармалар сайысын өткізді. Тақырыптары:

1. «Патриотизм деген не?»
2. «Менің қалам»
3. «Менің Қазақстаным»
4. «Адамдарға сүйіспеншілік»
5. «Ана, отбасы, Отан»

Сайыстың жеңімпаздары мадақтама­лар­мен­ және бағалы жүлделермен марапаттал­ды.­ Сайысқа қатысушыларға колледжге емти­хан­­сыз түсуге мүмкіншілік жасалды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық акаде­мия­­лық­ кі­тап­ханасының қызметкерлері мен­ әкім­ші­лігінің қолдауымен шығармалар сайы­сы­ның қорытынды кезеңі болды. Қатысу­шы­лар мен жеңімпаздарға арналған шағын концерт көрермендердің көңілінен шықты.

Д.Қонаев өз заманының көрнекті саясат­кері бола білді. Ол билік басында­ болған уақы­тта елдің экономикасын, әлеу­меттік сала­сын,­ ғылымын, ұлттық мәде­ниет­ті дамыту­ ісіне айтулы еңбек сіңірді. Колледж­де­ өткен тәрбие сағаты Д.А.Қонаев­тың туған күніне арналды. Әсіресе, А.Ермек­бае­ва­ның, А.Алтын­беко­ваның, А.Көпбаевтің бел­сенділік­те­рін жоғары бағалауға болады.­ Колледж қабырғасында 52 оқытушы оқу­шы­ларға қазіргі заман талабына сай білім мен тәрбие беруде. Олардың ішінде жоғар­ғы­­­ санат­ты оқытушылар: Г.Б.Бердеш, С.Асқап, С.Е.Хасенова, Р.А.Шаяхметов, Г.Ж.Касымова,­ З. Г. Масимова, Г. Е. Апарова және т.б. бар.

Колледж оқытушылары сабақтан тыс уақыт­­та оқу-әдістемелік және ғылыми еңбек­­­­тер жазумен айналысады. Атап айтсақ, С.Е.Хасенова – кәсіби қазақ тілі пәні бой­ын­ша әдістемелік құралдың авторы. Ал, Г.М.Бердеш, З.Г.Масимова, Г.А.Ерінбет, А.Д.Тушабек, Ж.Р.Абдрахманов өз пәндері бойынша оқу-әдістемелік өңдемелерін және мақа­ла­ларын көпшілікке таныстыр­ды. Жалпы, колледж оқытушылары шығармашы­лық­пен де айналыса білетін білікті ұстаздар. Олар қазіргі заман талаптарына сай жаңа әдістемелік ақпараттандырылған техно­ло­гия­­лық әдіс-тәсілдерін оқыту үрдісін де күнде­лікті сабақта кеңінен қолданып келеді.

С.Асқап математика пәнінен дәріс береді.Ол – интерактивтік оқыту әдісін өз сабақ­та­рында кеңінен қолданып жүрген жаңа­шыл­­ ұстаз. Компьютерде электрондық құжат­­тар­ даярлау әдісін пайдаланып жүрген оқыту­шы­ларға Ж.Р.Абдрахманов, Н.М.Соп­бе­ко­ва,­­ Н.А.Тоқ­ты­баева, Л.И.Ермек­баева және т.б. жатқы­зуға болады.

Колледждің дәрісханалары пән негіз­дері­не байланыстырылып, оқу бағдар­ла­­ма­сына сәйкес жабдықталған. Оқу каби­нет­тері­нің төлқұжаттары жасалып бекітілген. Колледж-де оқу-тәрбие жұмысы бойынша дәстүрлі іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Арнайы бағдарламалар аясында өткізілген әр алуан танымдық іс-шаралар арқылы білім беру мен тәрбиені сабақтастыруда оңды нәтижелерге қол жеткізудеміз.

Сондай-ақ, ай сайын «Ашық есік күні» деп аталатын кездесулер өткізіліп тұрады.Оған тағылымы мол әңгіме айтатын, руха­ни азық беріп, баланың жандүниесін таза сақтауға көмек бере алатын адамдар, ақындар, ғалым­дар­, көкірегі ояу, көзі ашық зиялы қауым өкіл­дері шақырылады.

Заман талабына сай маман дайындауда оқу орны мен жұмыс берушілердің өзара тығыз бай­ланысы өте маңызды. «Құқықтану» маман­­ды­ғының оқытушылары екіжақты келі­сім-шарт негізінде ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Проку­ра­ту­расы, қалалық, аудандық Ішкі Істер басқар­масында оқу-өндірістік, оқу- соттық тәжірибеден өтеді. Практика өте­тін базада таңдаған мамандығы бойынша­ колледж оқушыларымен шаруашылық субъек­ті­лері арасындағы шарт жасасу тәр­тібі, іс жүргізу құжаттарын толтыру, келуші­лер­ді қабыл­дау және іс құжаттарын мемле­кет­тік тілге аударудағы көмегі, практика орны жетек­­ші­лерінің берген пікірлері шәкірт­те­рі­­міз­­ді мақтан тұтарлықтай екендігін көр­сетеді.

Мемлекетіміздің мақтанышы-майталман мамандарды даярлау колледж ұжымына ауқым­ды істер мен шығармашылық ізденіс­тер­ді жүзеге асыруға міндеттейді.

Шайзат Әлмағамбетов, Д.А.Қонаев атындағы колледждің кәсіби қазақ тілі пәнінің жоғары санатты­ оқытушысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × five =