Аумақтық даудан аулақпыз

0 104

Елбасы Жолдауында­ көтерілген ең бірінші мәселе – Ұлттық қауіпсіздік. Ел тұтастығын сақтай отырып дамыту­ міндетін кезінде, жоспарлағаннан да асыра орындағанымыз белгілі. Тұңғыш рет тарихта­ біздің мемлекет­ халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді.

Қазақстан Каспий теңізінің айды­нын­дағы ахуалды сенімді бақы­лауда ұстайды. «Болашақта кез келген ау­мақ­тық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтары­мыз­ға­ көршілермен даулы аумақтар қал­дыр­ған жоқпыз. Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қам­тамасыз ететін күшті, заманауи,­ қор­ға­ныс­қа қабілетті әскерді, пәр­мен­ді құқық қорғау жүйесін құр­дық» деген Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар­ энергетикалық ресурстар сала­сындағы межелердің атқа­ры­луын,­ инфра­құ­рылым, оның ішінде көлік пен байланыс саласын­дағы басым­дық­тар­дың орын­дал­ға­нын, және кәсіби мем­ле­кеттің құры­луы­ның жай­-жап­са­рына кеңінен тоқталды. Инфра­құры­лым­ды дамыту мәселесі де­ «Қазақ­стан-2030» стратегиялық құжа­тын­дағы негізгі басымдықтар қата­рын­да болған болатын. Өткен жылдар ішінде өнеркәсіп, көлік инфра­­құ­­ры­лымы мен тыныс-тіршілік инфра­­құ­ры­лымының ірі стратегия­лық­­ ма­ңы­зы бар объектілер іске қосыл­ды. Автомобиль және темір жол­ магис­тральдары, құбыр жолдары, логистикалық орталықтар, терми­нал­дар, әуежайлар, вокзалдар, порттар­ және тағы басқа аса маңызды нысаналар пайдалануға берілді. Осы жетістіктердің маңыз­ды­лығын пысықтай келе Елбасы: «Соңғы 11 жылда автомобиль жол­дары саласын дамытуға 1 263,1 млрд теңге жұмсалды. Осы жылдар­ ішін­де ортақ пайдаланудағы 48 мың шақы­рымнан астам жол, сондай-ақ 1100 шақырым темір жол салын­ды­ және реконструкцияланды. Қазір­гі­ уақытта «Батыс Еуропа – Ба­тыс­ Қытай» магистральдық көлік дәлі­зін салып, Жаңа Жібек жо­лын­ жаң­ғыр­ту­дамыз. Біз «Өзен – Түр­кі­мен­стан шекарасы» теміржол желісін салып, Парсы шығанағы мен­ Үл­кен Шығыс елдеріне жол аш­тық. «Қорғас-Жетіген» жолын төсеп, Қытайдың және күллі Азия құр­лы­ғының нарықтарына еніп, Шығыс қақпасын айқара аштық. Біз «Жез­қаз­ған-Бейнеу» теміржолын салу­ды бастадық» –деді. Ендігі кезең­де бар­ша қазақстандықтарды «Қазақ­стан-2050» стратегиясында жоспар­лан­ған жұмыстарды жұмыла атқару күтіп тұр. Әлемдік дамудың бағыт-бағдарын асқан шеберлікпен болжап отыратын Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­ төрт­күл­ дүниедегі: даму қарқынының еселенуі, зор демографиялық өсім, азық-түлік, ауыз су тапшылығы, энер­ге­ти­калық қауіпсіздік, таби­ғи ресурстардың сарқылуы, индус­трия­лық төңкеріс, әлеуметтік тұрақсыздық, көзқарастар қай­шы­­лық­­­тары мен әлемдік жаңа эконо­­ми­калық дағдарыс сияқты жаһандық ауыртпалықтар мен қауіптерді басты назарға ала келе, оған еліміздің «Қазақ­стан-2050» жаңа саяси стра­те­гиялық даму бағдарын қарсы қойып отыр. Сон­дық­тан Елбасының Жол­дауы­ біз­дің болашағымыздың сара бағыты екені анық.

Жандос
ЖАҚСЫГЕЛДИНОВ,
Мемлекет тарихы институтының кіші
ғылыми қызметкері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + one =