Аулалар ажарланбақ

0 108

Астананың 15 жылдық мерекесіне орай қаланың аула аумақтары жөндеуден өткізіліп, абаттандырылуда. Мәселен, Есіл ауданында биылдың өзінде 36 ауланы қалпына келтіру жоспарланған.

Астана тойын әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдас­тыру комитеті штабы медиатобы­ның мәлімдеуінше, ауданда мына көшелерде орын тепкен үйлердің аулалары абат­тан­дырылмақ: Сығанақ кө­ше­сі №3, 5, 5/1, 7, 7/1, 7/2, 9 үйлер, Қа­бан­бай батыр даң­ғылы №29/1 үй, Жаңа аэропорт көшесі №115 үй, Арнасай көшесі №1, 3, 4, 5 үйлер, Айнабұлақ көшесі №2 үй, Са­рытоғай көшесі №5 үй, Са­райшық көшесі №36, 38, 40, үй­лер, Қонаев көшесі №35/1, 35/2 үйлер, Сығанақ көшесі №10, 17, 19, 21 үйлер, Достық көшесі №12, 12/1 үйлер, Сауран көшесі №2 үй, Сығанақ көшесі №18/1 үй, Түркістан көшесі №8 үй.

Сарыарқа ауданы әкімді­гі­нен хабарлағандай, ауданда қазір көшелерге асфальт төселіп, жарыфқтандыру ті­рек­тері, шағын сәулет пі­ші­ніндегі балалардың ойын алаңдары, спорт алаңдары жаб­дықталуда. Атап айтқанда, мына мекен-жайларға асфальт-бетон төсе­ліп, жөндеу жұ­мыстары жүргі­зілді: Же­ңіс даңғылы №51/1, 51/2, 51/3, Сарыарқа даңғылы №39, 39 а, Жангелдин көшесі №26, Айманов көшесі №16, 16/1, 11, Бөгенбай батыр даң­ғылы №59, Біржан сал кө­шесі №1, 3, 3/2, Талапкер көшесі №6, 8, 5, 12, Респуб­лика даңғылы №72, 74, Есенберлин көшесі №36 үйлердің аулаларына.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + three =