Аулалар абаттанып, саябақтар салынып жатыр

0 25

Нұр-Сұлтан қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында аулалар мен үйішілік аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар аулаларды аралап, қала тұрғындарымен кездесті. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Олардың қатарында саябақтар, гүлзарлар және басқа да таза ауада серуендеуге арналған орындар бар.

«Ауланы жөндеп не абаттандырған кезді соңғы рет қашан көргеніміз есімізде жоқ. Балалар ойнай алмайтын, барлық тренажерлер ескіріп кеткен. Енді біздің ауламызда жаңа балалар алаңы болады. Мұнда балалар футбол ойнап, тренажерлерде спортпен шұғылдана алады» деп атап өтті Байқоңыр ауданындағы Отырар көшесінің 3 үйдің тұрғындары.
Сондай-ақ қала әкімі Кравцов 6, Таха Хусейн 15 а,15/3,15/4, Бөкейхан 6 және басқа да мекенжайлардағы алаңдарда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. «Аулаларды дұрыстап абаттандыру қажет. Мұнда балалар ойнап, барлық отбасы мүшелері демалады. Балалардың жасы әртүрлі болғандықтан, аулаларды абаттандыру кезінде оны ескеру қажет. Орындықтар орнатып, көгалдандыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Ағаштар мен бұталарды көбірек отырғызу керек» деді елорда басшысы.
Биыл қала бойынша 150 аула және аула аумақтары абаттандырылады. Бұл 150 мыңнан аса тұрғыны бар 250-ден аса көппәтерлі тұрғын үй кешені аумағын қамтитын болады.
Абаттандыру жұмыстарын жүзеге асыру барысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 15 мың жұмыс орны ашылады. Тұрғындар бірінші кезекте жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналаса алады.
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Олардың қатарында саябақтар, тынымбақтар және басқа да таза ауада серуендеуге арналған орындар бар. Аталмыш орындардың басым бөлігі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында абаттандырылады. 10 жерде жұмыстар басталды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Көктал елді мекенінде орналасқан «Көктал» паркінің құрылыс барысымен танысты. Шеткі аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында салынып жатқан саябақ аумағы тыныш демалыс аймағы, белсенді демалыс аймағы және балалар демалыс аймағы болып 3-ке бөлінеді. Саябақ аумағында 8 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − 4 =