Аулалар абаттандырылды

0 106

Алматы ауданында барлығы 432­ аула бар. Қазіргі кезде ол­ар­дың­ 75%-ы абаттандырылған, 193­ аулаға 2008-2011­ жылдар ара­лы­ғын­да­ бірқатар көріктендіру жұ­мыс­та­ры­ жүргізілді. 2012 жылы атал­ған жұмыстар жалғасып, нә­ти­же­сін­де­ 37 аула жаңартылды. Ба­­ла­­лар­­дың ойын кешендері тұр­­ғы­­зы­лып, 12 мың шаршы метр­ аула жолына және көлік тұ­рақ­та­ры­на­ асфальт тө­селді.

Бұған қоса, балалар мен жас­өс­­­пі­­рім­дер­дің спортпен белсенді ай­­на­­лысуы үшін 8 футбол алаңы пай­­­да­­­ла­­нуға берілді. Аудан бойынша бар­­лы­­ғы 101 спорт алаңы бар, оның 61-і­ соңғы 5 жылда салынды.

Астана қаласы әкімінің тапсырма­сы­ бойынша, заңға бағынатын кә­сіп­­керлерді қолдау және заңсыз сау­да­мен айналысатындарды жою мақ­са­тын­да­ ауданда құзыретті орган өкіл­де­рі­нен­ жұмыс тобы құрылды. Заң­сыз­ орнатылған 53 дүңгіршек ор­ны­нан­ алынып тасталды.

Сонымен қатар, аулаларда заңсыз орналас­ты­рыл­ған 174 гаражды басқа жерге көшіру жөнінде ие­леріне ескерту қағаздары берілді. Биыл тағы 250 га­ражды бас­қа­ жерге ауыстыру жос­пар­лануда.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + 14 =