Ауладағы аламан

0 23

Елордада футболдан аула командалары арасында Есіл, Алматы, Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында «AULA LIGASY» турнирінің іріктеу кезеңі басталды. Ойынға 10-12 жас аралығындағы балалар қатысуда.Елорданың қырыққа жуық футбол алаңы мен қаланың сырт аймақтарының аула алаңдарында өтетін жарыс тамыз айының соңына дейін жалғасады. Әр ауданнан іріктелінген команда жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алады.
Финалға жеткен команда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жүлдесіне ие болады. Алғашқы кезеңде турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + fifteen =