АУЛА КЛУБТАРЫНЫҢ ФЛЕШ-МОБЫ

0 86

Астана қаласында «Аула күні» акциясы әлі де жалғасуда. Қаланың көптеген ауласында ұйым­дас­­ты­рылып жатқан түрлі мәдени-танымдық және ойын-сауық шараларға тұрғындар белсене қатысуда. Сондай көпшілік шараның бірі Білім басқар­масы мен «Шығыс» балалар-жасөспірімдер орталы­ғының бастамасымен елорда мерейтойына арнап өткізілген флеш-моб болды. Оған қаладағы барлық аулалық клубтардың өкілдері қатысты.

Орта білім беру орындарында мұғалімдер сабақ беру барысында оқушыларды шаршатпау үшін 3-5 минуттық дене сергіту сәтін өткізетіні белгілі. Сәуір айында осынау үдеріс қай мектепте үздік жүрілетінін анықтау мақсатында байқау ұйымдастырылған. Қорытындысында № 28 орта мектеп жеңімпаз болып танылды. Міне, осы байқауда топ жарғандар флеш-мобта өнерлерін көрсетті.

Шара аясында әсем билер биленіп, Астана туралы әндер шырқалды. Аспанға түрлі-түсті шарлар жіберілді.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + seven =