Аула клубтарына – әкім кубогы

0 22

Елордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аула клубтары арасында ұйымдастырылған «Aula Ligasy» футбол турнирі аяқталды. Қала әкімінің кубогы үшін өткен жарысқа төрт ауданнан 1500-ге жуық бала қатысты.

image-21-09-21-07-34
image-21-09-21-07-34-1
image-21-09-21-07-34-2
image-21-09-21-07-34-3
image-21-09-21-07-34-4
previous arrow
next arrow

Футболдан «Aula Ligasy» турнирі елордада 19 маусымда басталған болатын. Жарыс қаланың 40 футбол алаңында өтті, оған 135 команда қатысты. Финалдық ойындар жақында «Астана Арена» стадионында өтті. Турнир қорытындысы бойынша ақтық сынға әр ауданның 8 үздік командасы шықты. Олардың арасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Самат Жылқыбаев қатысты.
Байқоңыр ауданының «Baikonur Team» командасы «Aula Ligasy» турнирінің чемпионы атанды. Жүлделі екінші орынды Есіл ауданының «Жағалау» командасы иеленсе, үздік үштікті Есіл ауданының «Сенім» ұжымы түйіндеді.

Турнир барысында үздік ойынымен көзге түскен қатысушылар бірнеше номинация бойынша марапатталды:
«Үздік ойыншы» – Нұрәли Садықов;
«Үздік шабуылшы» – Назар Сәбитұлы;
«Үздік қорғаушы» – Бекзат Әбен;
«Үздік қақпашы» – Нұрсұлтан Сұлтанғазы.
Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен дипломдар, сондай-ақ спорттық форма және жарыс демеушісінің сертификаттары тапсырылды. Турнир санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + 7 =