Аула клубтарына 2,5 мың бала барады

0 40

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының аула клубтарында балалардың қызығушылығын тудыратын жаңа спорт секциялары ашылуда.Клубтарда 20-ға жуық үйірме жұмыс істейді. Жекпе-жек түрлері, еркін күрес, каратэ, жауынгерлік самбо, әскери ­қоян-қолтық ұрыс, дзюдо секцияларына басымдық берілген. Аралас жекпе-жек ММА секциясын ашу да жоспарланып отыр. Сабақтар ашық ауада, санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Бұл сабақтар әсіресе пандемия кезінде сұранысқа ие болды. Аулаларда воркаут-алаңдардың ашылуымен бұл бағытты одан әрі дамыту жоспарлануда. Балаларға арналған би үйірмелері де бар. Заманауи би топтары құрылуда. Барлық сабақтар кезінде санитарлық қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады.
Жалпы, бүгінде Нұр-Сұлтанда 21 аула клубы бар. Оларда 2500 бала спорт және өнер үйірмелеріне қатысады. 133 түрлі саладағы жаттықтырушылар мен оқытушылар сабақ береді. Биылдан бастап орталық аула клубтарын дамытудың 2023 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасын іске асыруда. Оның басты міндеті – заманауи бағыттағы үйірмелер ашу. Егер қазіргі кезде аула клубтары тәрбиеленушілерінің дені 14 жасқа дейінгі балалар болса, болашақта ересек балаларға арналған топтар құру да жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + sixteen =