Аула клубтары спорт пен өнерге тәрбиелейді

0 20

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 23 аула клубы жұмыс істейді, онда 28 спорт секциясы және 21 шығармашылық үйірме бар.

Соңғы 6 жылда елордадағы аула клубтарының саны 6-дан 23-ке, ал тәрбиеленушілерінің саны 300-ден 2 700-ге дейін өсті. Спорт секцияларының түрі 6-дан 28-ге дейін, сондай-ақ шығармашылық үйірмелердің түрі 5-тен 21-ге дейін көбейді.
Қазіргі уақытта тәрбиеленушілерге хореография, бейнелеу өнері, музыка, сәндік-қолданбалы өнер, би, футбол, еркін күрес, каратэ, бокс, фитнес, шахмат, грек-рим күресі, дзюдо, қоян-қолтық ұрыс және басқа да өнермен айналысу үшін барлық жағдай жасалған.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Алматы ауданында – 10, Байқоңыр ауданында – 8, Сарыарқа ауданында – 3, Есіл ауданында 2 аула клубы жұмыс істейді. Жақында «Үркер» және «Чугунка» тұрғын алаптарында аула клубтары іске қосылды. Ал 2023 жылға дейін қаланың тұрғын үй массивтерінде және шалғай аудандарында осындай 9 аула клубын ашу жоспарланып отыр. Осылайша балалар мен жасөспірімдерге спорттық секцияларға шығармашылықпен айналысуына және уақыттарын қызықты әрі тегін өткізуіне мүмкіндік жасалмақ.
Аула клубтарының тәрбиеленушілері қалалық қана емес, республикалық, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларға белсенді қатысады. Сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Венгрия, Италия және Қазақстанның қалаларында өткен сайыстардың жүлдегері атанды. Мәселен, соңғы жылдары олар түрлі жарыстардан 40 алтын, 56 күміс және 44 қола жүлде әкелді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − six =