Аула клубтары белсенді

0 92

*Жеделсөз

Бақытжан ЖҮНІСБЕКОВ,  Астана қаласының жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры директорының орынбасары:

– Астана қаласының жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорына қарасты қанша аула клубы бар? Олардың қызметі қандай?

–Қазіргі таңда Астана қаласының жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорына қарасты «Есіл», «Шағала», «Арыстан», «Жеңіс», «Момышұлы», «Сұңқар», «Абдукар»  аула клубтары бар. Олар жас елордалықтар мен балалар үшін көп функционалды мәдени-спорт орталықтарына айналып отыр. Аула клубтарының жұмысын үйлестірудегі негізгі мақсаттар біріншіден, жастар мен жасөспірімдерді тұрғылықты жері бойынша бос уақытын тиімді пайдалануға мемлекет тарапынан жағдай жасау, мемлекет қамқорлығын таныта отырып жастар саясатының жүзеге асырылуына оларды тікелей қатыстыру. Екіншіден, жастар мен жасөспірімдердің Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін арттырып тәрбиелеу. Аула клубтарының қызметі жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азаюына, балалар денсаулығының жақсаруына және олардың өмірлік белсенділіктерінің артуына, өзара достық пен қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына тікелей ықпал етуде.

–Бүгінде аула клубтарының белсенділігі қандай?

–Аула клубтары тәрбиеленушілерінің қатысуымен қалалық деңгейде көптеген мәдени-бұқаралық, спорт-сауық іс-шаралары өткізілуде. Наурыз мерекесі, 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған «Көңілді старт!», Елордамыздың 15 жылдық мерейтойына арналған   «Аула Күні», «Менің аулам» акциялары кең көлемде аталып өтті. Сонымен қатар, аула клубтарының тәрбиеленушілері қалада өтіп жатқан түрлі шараларға белсене қатысады. Алдағы уақытта ҚР Конституциясы Күніне арналған «Аула клубтарының фестивалін» өткізу жоспарлануда.

–Алда қандай жоспарлар бар?

–Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен биыл барлық санитарлық талаптарға сай келетін, 2000 шаршы метр көлемге  аула клубтарын ашу жұмыстары басталып кетті. Онда екі мыңнан астам балаға орын бар. Қосымша 25-тей адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 3 =