«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аула клубтары ашылды

0 199

Елордада балалардың көңіл көтеріп, бос уақыттарын пайдалы өткізуге болатын орындар саны аз емес. Жақында олардың қатары тағы да артты. Бас қаламыздың Алматы ауданында жаңадан аула клубтары ашылды.

Жақында ашылған Balausa клу­бының басты артықшылығы мүм­кіндігі шектеулі балалардың жағ­дайын назардан тыс қалдырмаған. Қамкөңіл балалар қатарластарымен бірге үстел теннисі, шахмат, то­ғыз­құмалақ, бокс, қазақша күрес және домбыра үйірмелеріне қатысуға болады. Орталықтың бұған қоса көп балалы және аз қамтылған отбасыларға да, қарттарға да есік ашық.
Ал «Сандық» орталығы қолданбалы өнер саласына баса назар аударады. Өнер және қолөнер дағдыларымен қоса, мұнда тігін, модельдеу және киім дизайны бойынша сабақтар жүргізіледі. Жеткіншектердің осы саладағы қызығушылығын арттыра түсу үшін жағдайдың бәрі қарастырылған.
Сол сияқты жастардың биге ар­налған үйірмесі де назардан тыс қалмады. Осы мақсатта 23 style аула клубында брейк-данс үйірмесі ашылды. Жаңа орталықтар Кенен Әзірбаев көшесі, 8 және 4/1 мекенжайында орналасқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды