Ауғанстан өкілімен кездесті

0 25

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге жұмыс сапарымен келген АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады.Кездесу барысында Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша Қазақстан мен Америка арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективалары, соның ішінде, АҚШ пен НАТО әскерлерінің осы елден шығарылу барысы қарастырылды. Сонымен қатар Ауғанстан мемлекетінің тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қайта қалпына келтіру жөніндегі екіжақты және көпжақты іс-қимылдарды үйлестіру мәселесі де сөз болды. Президент Ауғанстанның, Ресейдің, Қытайдың, Орталық Азия мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен жүргізген келіссөздерінде ауған проблемасы үнемі назарда болатынын жеткізді. Өз кезегінде Залмай Халилзад Қасым-­Жомарт Тоқаевқа жеке кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. АҚШ-тың арнаулы өкілі Қазақстан Президентінің Ауғанстандағы тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған халықаралық іс-қимылдарға қосқан үлесін жоғары бағалап, еліміздің Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықты сақтаудағы маңызды рөліне тоқталды. Әңгімелесу барысында Залмай Халилзад Ауғанстандағы қазіргі ахуалға баға беріп, ауғанаралық бейбіт процесті одан әрі дамытуға, ауған бағытындағы барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестіруге қатыс­ты АҚШ дипломатиясының ой-пікірін ортаға салды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + one =