Ауған өнерінің сыйы

0 24

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Ауғанстан суретшісі Фаряди Мохаммад Масудтың «Ауған өнерінің сыйы» атты көрмесі ашылды.

Көрмені «Мәдениет арқылы үнқатысу» халық­аралық жобасы аясында Елбасы кітапханасы мен Ауғанстан Ислам республикасының елшілігі бірлесіп ұйымдас­тырды.
Ауған каллиграммасы каллиграфияның ажырамас бөлігі саналады. Ол – бейнелеу өнерінің ерекше бағыты, оның ең үлкен дамуы мұсылман мәдениетінде байқалады. Әрбір каллиграмма белгілі бір бейне мен мазмұнды біріктіреді. Суретшінің бас­ты міндеті рухани әлемді бейнелермен байланыстырады. Туындылардың терең символикасы каллиграмма авторының идеясын сезінуге мүмкіндік береді.
«Ауған өнерінің сыйы» көрмесінде Фаряди Мохаммад Масудтың біраз жылдар бойы маңдай терін төгіп дайындаған жұмыстары ұсынылды. Қылқалам шебері кәсіби және шығармашылық өмірін каллиграфия өнеріне арнаған. Автордың жұмыстары Ауғанстан, Иран, сондай-ақ Катар мен Кувейт әмірлеріндегі көрмелерде көрсетілген.
Фаряди Мохаммад Масуд 1973 жылы Ауғанстан астанасы Кабулда дүниеге келген. Бала кезінен бастап суретші өз елі мен шет мемлекеттердің көптеген марапаттарына ие болған.
Аталған көрме Елбасы кітапханасы мен Қазақстандағы Ауғанстан Ислам республикасы елшілігі арасындағы ынтымақтастықтың алғашқы іс-шарасы деуге болады. Көрменің Рамазан айы қарсаңында ашылуы бұл оқиғаның мәнін тереңдете түседі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 5 =