Ауған мен тәжік тіресіп тұр

0 7

Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасы маңында әскер молайды. Тәжік билігі тәліптерді мойындамайтынын бірден аңғартты. Оған Талибанның Ауғанстандағы этникалық тәжіктердің мүддесін ескермеуі, Панджшерде қуғындау саясатын ұстануы да себепкер болуда.

Рахмон тәліптерді мойындамайтынын анық көрсету мақсатында 2 қыркүйек күні Ахмад Шах Масудты Исмоил Сомони орденімен марапаттады. Сонымен қатар аталмыш марапат Ауғанстанның президенті болған Бурхануддин Раббаниге де берілді. Душанбе Талибанға қарсы соғысқан тұлғаларды ұлықтап, қазіргі билікті мойындамайтынын көрсетті. Тәліптер болса Душанбе елдің ішкі ісіне араласып отыр дегенді айтады. Осыдан кейін Талибан Тәжікстанмен шекаралас аймаққа мыңдаған арнайы жасағын жібергенін мәлімдесе, Тәжікстан Ауғанстан шекарасында үлкен әскери жаттығу өткізді. Айта кетейік, Ауғанстан халқының төрттен бір бөлігі – этникалық тәжіктер. Ал Талибан қозғалысының басым бөлігі осы елдегі ең ірі этникалық топ – пуштундардан құралған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × five =