«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әуежайда капсульды отель ашылды

0 216

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Т1 терминалында «Caps Lock» капсулды отелі ашылды.

Ұйықтауға арналған капсула жапон технологиясымен жасалған. Мұнда қонаққа жайлы қажеттінің барлығы бар. Яғни қонақүй smart-TV, жеке сейф, LED-жарықтандырудың түрлі түсі, розетка, USB қуаттау, кітап оқуға арналған кішкене үстел, желдеткіш, салқындатқыш, өртке қарсы жүйе, күнсағат және жеке гигиена құралдары бар ыңғайлы ортопедиялық кереуетпен қамтамасыз етілген. Отельде барлығы келушінің магнитті смарт картасы арқылы басқарылады. Онлайн режимде қонақтар планшеттен өзінің келе жатқан рейсінің статусын біліп отырады. Мини-отельде шайынатын душ пен дәретхана да қарастырылған. Ұйқыдан оянған соң қонақтар минибарды пайдаланып, кофе немесе шайға тапсырыс бере алады. Отель 10 орынға есептелген. Ол жерде 1 сағатқа қонып шығу 1500 теңге болса, одан әрі сағатына – 1000 теңге. 7 жасқа дейінгі балаларға ата-аналарымен бірге тегін қонуға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды