Әуен-ағыс әлдилейді

0 115

Жыл өткен сайын судағы театр қойылым­дарын тамашалаушылар саны артып ке­ле­ді. Әр кеште ұсынылатын жағалаудағы қойылымдарға 7-8 мыңға жуық көрермен қатысады. Биыл дәстүрлі классикалық музыка кеші 4-7 шілде аралығында тағы да ашық аспан астында өтеді.

 

Кейінгі бес жылда классикалық музыка кеші елорда үшін музыканттар мен музыка әуесқойларының сағына күтетін мәдени шарасына айналды. Дәстүр бойынша сахна Есіл өзенінің үстіне орнатылады. Осы жылы оның бейнесі екі жаққа ашылулы бақалшықты еске түсіреді. Классикалық музыка кешін симфониялық музыка концертінің өнер шеберлері ашады. Брамс, Берлиоз, Штраус, Россини, Оффенбах, Равель, Сен-Санс, Чайковский және басқа да музыка шедеврлерінің озық туындылары Астананы әсем сазға бөлейді. Оркестрге жетекшілік ететін –әлемге әйгілі дирижер Кристиан Санду.

Музыкалық кештің екінші күні Дж.Верди­дің 200 жылдығына арналмақ. Осылайша көптің көзайымына айналған «Травиата» операсы өзен айдынында шырқалатын болады. Операдағы жетекші партиялар Альфреда мен Виолетта рөлін арнайы шақырылған халықаралық лау-реаттар – Мариус Влад (тенор) пен Ирина Иордоческу (сопрано) сомдайды. Аталмыш кеш өнерсүйер қауымның жүрегінен өзіндік орын алып, өміршеңдігін жоймаған джаз музыкасының концертімен аяқталады.

Гүлмира Аймағанбет

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + 7 =