Аудан жаңалығы

0 108

Елімізде Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының құрылғанына 100 жыл толды. Кеше осыған байланысты елорданың Есіл ауданы әкімдігінде АХАТ ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Аудан басшысы Берік Жәкенов қала әкімі атынан құттықтап, сый-сыяпат жасады.Аудан басшысы пандемия жағда­йында да жұмысын тоқтатпаған сала қызметкерлеріне алғысын айта келе, осы органның адам өмірінде дүниеге келгенінен бастап алатын үлкен орнын атап өтті.
Тарихқа сапар шексек, 1921 жылдың 5 наурызында ҚазАКСР Халық комиссарлары кеңесі «Азаматтық хал актілері туралы» декретке қол қойды. Содан бастап осы орган жұмыс істеп келе жатыр.
Ал Есіл ауданы АХАТ-ы жылына 3,5 мың неке мен 110 мыңға жуық сәбидің тууын тіркейді. Бір апта бұрын ғана осы ауданның 300 мыңыншы тұрғыны – Ясмина атты нәресте тіркелді. Салтанатты шараға қатысқандарға бейнеролик көрсетіліп, қаланың ғасыр жасаған тұрғыны Авсия Мамаржан, жақында гауһар тойын атап өткен Алпысбаевтар отбасы, Ясминаның анасы Ақмарал Мадиярова экранның арғы жағынан жиналғандарды құттықтады. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − three =