Ауа сапасын бақылай аласыз

0 100

Қаламызда ауа сапасын тексеретін арнайы мобильді қосымша іске қосылды. Бұл туралы «Urban talks» жобасы аясында өткен жиында мәлім болды.

433bf0c18292603c5696aa0297a93e99

Мобильді қосымша AirKz деп аталады. Онда ауа сапасы туралы өзекті ақпарат көрсетіледі. Егер экранда қызыл, сары немесе қызғылт сары түс пайда болса, демек ауа лас, адам үшін қауіпті деген сөз. Ондай жағдайда адамдарға көшеге шығуға немесе терезені ашуға болмайды. Ал жасыл түс көрсетілсе, терезені де ашып, далаға да еркін шығуға болады. Бұл – халықты ақпараттандырудың бір түрі. Оның ауа сапасы мен кәсіпорындардың жұмысын реттеп, жоспарлауда көмегі зор.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − two =