Атырау мен Жамбыл тартуы – жәрмеңкеде

0 27

Нұр-Сұлтанда Атырау мен Жамбыл облыстары тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

WhatsApp Image 2021-09-18 at 19.49.41
WhatsApp Image 2021-09-18 at 19.49.35 (3)
WhatsApp Image 2021-09-18 at 19.49.35
WhatsApp Image 2021-09-18 at 19.49.36 (1)
WhatsApp Image 2021-09-18 at 19.49.36 (2)
WhatsApp Image 2021-09-18 at 19.49.37 (1)
WhatsApp Image 2021-09-18 at 19.49.38 (1)
WhatsApp Image 2021-09-18 at 19.49.38 (2)
WhatsApp Image 2021-09-18 at 19.49.39 (1)
previous arrow
next arrow

Жәрмеңке дәстүрлі түрде санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда өтті. Жәрмеңкеде өңірлер түрлі өнімдерін ұсынды. Жалпы алғанда екі облыс елордаға 336 тонна өнім әкеледі, ол нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатылды.
«Бұл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Атырау облысы жалпы алғанда, 152 тонна өнім әкеліп отыр. Оның ішінде 36 тоннадан астам балық және балық өнімдері, 20 тоннадан астам ет және ет өнімдері, үш тоннадай сүт өнімі бар. Атырау облысының тауар өндірушілері жеткізген өнімдерді алуға шақырамын» деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев.
Жамбыл облысы елордаға 18 тонна ет (жылқы еті, сиыр еті, қой еті және құс еті), 3,5 тонна шұжық өнімі, 12,1 тонна сүт өнімі, 5,4 мың дана жұмыртқа, 1 тонна кондитерлік өнім, 3 тонна макарон өнімі, 5 тонна қант, 0,3 тонна тұз, 4 тонна балық, 2,7 тонна өсімдік майы, 2,5 тонна бал, 1 тонна кептірілген жеміс, сондай-ақ 128,6 тонна көкөніс пен жеміс жеткізіп отыр.
«Мен жәрмеңкеде сиыр етін сатып жатырмын. Сатып алып жатқан халықтың саны көп. Себебі біз арзан бағаға сатуға тырысамыз. Әкелінген етіміз жас малдікі, жұмсақ және дәмді. Кешке дейін барлығы өтіп кетеді. Халықтың етке деген сұранысы көп болғандығы бізді қуантады» деді сатушы Шоқан Турабаев.

Нарық бағасынан төмен тауарлар – бұл астаналықтар үшін өз қорларын толықтыруға және түрлі облыстың азық-түлік дәмін татуға тамаша мүмкіндік.
«Маған жәрмеңкеден сауда жасаған ұнайды. Себебі бағалары қолжетімді әрі таза өнім алуға болады. Әсіресе маған ұнағаны – сүт өнімдерінің арзан бағада болуы. Мен жәрмеңкеге әр демалыс сайын келемін. Келген сайын әр облыстың өнімдерінің дәмін татып, өз бағамды беріп отырамын. Осындай халыққа тиімді жәрмеңкені ұйымдастырғандарға рақметімді айтқым келеді» деді қала тұрғыны Нұркен Тойғанбаева.
Нұр-Сұлтандағы апта сайынғы жәрмеңке 31 қазанға дейін жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 − four =