Ћателер, сенi ћайтейiн?!

0 118

Кез келген қаланың бет-бейнесiн дәмхана, мейрамхана, шағын мекемелердiң атаулары ашады. Қызылды-жасылды жарнамалық баннерлердiң де бұл тұрғыдан салмақ-бәсi басым. Көп жағдайда қожайын – кәсiп иелерi елдiк құндылықтарды құнттамай жатады. Мұны бiз арнайы рейд кезiнде анық байқадық.

Дәл осы мәселенiң «бас сақинасындай» болған дәмхана, дүкен аттарында-ғы «ұ», «ү», «ғ», «ң», «қ» сияқты қазақтың төл әрiптерiнiң қате жазылуы «жараның бетiн тырнап тұр». Әлия Молдағұлова көшесiндегi «Ажар» сүлулық салонында, осы көшенiң бойында орналасқан «Султан» киiм дүкенiнде, Сейфуллин көшесiндегi «Тумар» мейрамханасында «ұ» мен «ү» әрiптерiнiң өз орнын таппай тұрғаны анық. Бiрақ бұған бажайлап қарап, көзге қораш көрiнетiн қатенiң қашан түзелерiне кепiлдiк берген бiрде-бiр қожайынды көрмедiк. Айтар сылтаулары бiреу ғана: «Мұны қайтадан жасап шығу үшiн тым көп қаржы жұмсалады…». Қате жазудың осылай бекiтiлiп кетуiне жол берген арнаулы мамандардың да өз жұмыстарына салғырттығы бұл. Екiжақты енжарлықтан туған қателiктiң қашан жөн-делерiн кiм бiлсiн?!
Бұл бұл ма?
«Қуырдақтың көкесi түйе сойғанда» болды.
Сейфуллин көшесiнде орналасқан «Адонис и Венера» дәмханасына бас сұқтық. Мәнi кеткен мәзiрлердiң қазақшасы қалай екенiн бiлмекке. Мұндағы мәзiр екi тiлде – қазақша және орысша екен. «Меню» дегенi болмаса, «мәзiр» деген сөздi бұл жерден де кезiктiрмедiк. Мәзiр тағамдарын қазақшалағанын көрiп, бұл жолы iшiп-жеп отырған дәмiмiзге қақалып қала жаздадық. «Дамский каприз», «Мужской каприз» дегендi «Әйел қыңырлығы», «Ер адамның қыңырлығы» деп аударып қойыпты. Қаланың басқа да дәмханаларын аралағанымызда бұл салаттардың «Қыңыр әйел», «Қыңыр еркек» болып жазылғанының куәсi болдық.
Кезiнде қалалық Тiл басқармасының бастамасымен көше бойлай орналасқан дәмхана, дәрiхана, мейрамхана, дүкен, клуб, тiптi бiрнеше шағын мекемелердiң атауын қазақшаландыру жұмыстары жүргiзiлдi. Тiл туралы заңды алға тартып, алабажақ жазуларды жөнге келтiру мақсатында арнайы тексеру ұйымдастырған Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы мамандарымен бiрге мәселенiң мән-жайымен өзiмiз де танысып көрдiк. Бас қаланың келбетiне көрiк қосатын көшедегi атаулардың мемлекеттiк тiлде жазылуы мен оның ұлттық нышаннан белгi беретiндей болуын басты нысанға алған ауқымды жұмыс өз нәтижесiн бергендей бол-ған. Бiрақ сыртқы жазуын қалыпқа келтiрдiк деген мейрамхана мен дәмха-налардың iшiндегi қателердiң де қарын аштырардай болып тұрғаны мынау.
Аударма демекшi, жарнамалық баннерлердiң де аудармасы ақсап тұр. Мәселен, «Мұхит» дүкенiнде «Всегда в продаже свежая морская рыба» дегендi «Сатылымда әрқашан жаңа түсiрiлген теңiз балығы» деп аударған. Бұны «Сатылымда әрқашан жаңа ауланған теңiз балығы» деген жөн сынды. Сол сияқты, «Живи со вкусом» дегендi «Дәмдi өмiр сүр» деп көрсетедi «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ы. Бiздiңше, «талғаммен өмiр сүр» деген нұсқасы көңiлге қонатын тәрiздi.
Дамыған елдерде «Сауданың тiлi ғана сол елдiң тiлi бола алады» деген пiкiр қалыптасқан. Бұл әлемдiк тәжiрибеде дәлелденген. Ал бiздiң сауданың тiлi қай тiлде жүредi? Iшiңiз сезiп отырса, бұл…

Гүлжан РАХМАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + 13 =