Атаулы әлеуметтік көмек заңнама бойынша тағайындалады

0 13

Әлеуметтік желіде осы айда 2020 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) қысқартылғаны туралы ақпарат тарауда. 2020 жылдың екінші тоқсанында төтенше жағдай кезінде АӘК кірісті қайта есептеместен автоматты түрде тағайындалса, осы тоқсанда есептеу көзделгені туралы Жұмыспен қамту орталығы ресми ақпарат берді.

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап карантин шараларын сақтау аясында Нұр-Сұлтан қаласында АӘК есептеу 2 жылдың II тоқсанындағы кірісті есептеуді ескере отырып, 2 941 отбасына автоматты түрде таға­йындалды. Сондай-ақ «Электронды үкімет» веб-порталының «Электронды өтініш» бөлімі немесе czasp@astana.kz электронды поштасы арқылы өтінім жіберген 160 жаңа өтініш берушіге АӘК есептелді.
«АӘК тағайындау, төлеу және алу шарттары туралы барлық сұрақтарды 8 7172 57 88 88 – бірыңғай телефоны арқылы қоя аласыз. Консультациялар әрбір өтініш берушімен жеке жүргізіледі» деп атап өтті Жұмыспен қамту орталығы мамандары.
Кеңес беру барысында АӘК тағайындау шарттары туралы толық ақпарат беріледі, атап айтқанда: отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесі, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұралатын мәліметтер тізбесі және т.б. Сондай-ақ адамның немесе отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін алдын ала есептеу жүргізіледі.
«Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығы отбасының әрбір мүшесі туралы ресми ақпаратты ғана пайдаланатынына назар аударамыз. Консультация нәтижелері бо­йынша азаматтар АӘК тағайындауға өтінішті «Электронды үкімет» веб-порталының «Электронды өтініш» бөлімі немесе czasp@astana.kz электронды поштасы арқылы Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығына жібере алады» деп түсіндірді мамандар.
АӘК қолданыстағы заңнамада көзделген мерзімге тағайындалады. АӘК тағайындау, төлеу және алу шарттары бойынша төменде көрсетілген телефондар арқылы ХЖҚО мамандарына қоңырау шалып, кеңес алуға болады.

Алматы ауданының тұрғындары үшін: Назерке Нұрмахамбетова – 8 775 351 00 00, Дана Бегайдарова – 8 747 433 71 88.

Байқоңыр ауданының тұрғындары үшін: Ақмарал Абикенова – 8 702 510 84 30, Наргиз Етекбаева – 8 777 113 04 84.

Есіл ауданының тұрғындары үшін: Гүлнара Киматова – 8 775 939 63 42, Шарбану Каракулова – 8 705 102 22 26.

Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін: Нағима Ахметбекова – 8 702 583 66 43, Асел Казизова – 8 705 423 16 84.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − 3 =