©2020 Астана Ақшамы
…Атақты жүйрік Құлтума
Жақында «Мен – өр Алтайдың өрені, атақты жүйрік Құлтума» атты жаңа кітап жарыққа шықты. Кітаптың шығарушылары – кәсіпкер Тілеуберлі Шыныбеков пен журналист Болат Төлепбергенов.
Қалың оқырманға жол тартқан айтулы кітапта есімі тек Арқа жұртына ғана емес, бүкіл қазақ еліне мәлім ақиық ақын, халық композиторы Құлтума Өтемісұлының өмірі туралы кеңінен баяндалған. Қорғалжын-Теңіз төңірегі тумасының кезіндегі айтыстары, нақыл-термелері, әндері ел аузында әлі де айтылып жүр. Бұл шығармалардың қай-қайсынан болса да ақпа-төкпе ақынның шабыты мен таланты айрықша аңғарылады.
Кітапта академик А.Жұбановтың Құлтума ақынның сазгерлігіне баға берген пікірі, Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов пен профессор Серік Негімовтың мақалалары, басқа да ғалымдар мен өнертанушылардың ғылыми шолулары басылған.
Өз заманында өр ақын атанған Құлтума Өтемісұлы жайында жазылған жаңа кітап ұлтымыздың руханият қорына қосылған құнды дүние болмақ.
Асхат РАЙҚҰЛ