…Атақты жүйрік Құлтума

0 325

Жақында «Мен – өр Алтайдың өрені, атақты жүйрік Құлтума» атты жаңа кітап жарыққа шықты. Кітаптың шығарушылары – кәсіпкер Тілеуберлі Шыныбеков пен журналист Болат Төлепбергенов.

Қалың оқырманға жол тарт­қан­ айтулы кітапта есімі тек­ Арқа жұртына ғана емес, бү­кіл­ қазақ еліне мәлім ақиық ақ­ын,­ халық композиторы Құл­ту­ма­ Өтемісұлының өмірі ту­ра­лы­ кеңінен баяндалған. Қор­ғал­жын­-Теңіз төңірегі ту­ма­сы­ның­ кезіндегі айтыстары, на­қыл­-термелері, әндері ел­ ау­зын­­да­ әлі де айтылып жүр. Бұл шы­ғар­ма­ла­р­дың қай-қайсынан бол­са­ да ақпа-төкпе ақынның ша­бы­ты­ мен таланты айрықша аң­ға­ры­лады.

Кітапта академик А.­Жұ­ба­нов­тың Құлтума ақынның саз­гер­лігіне баға берген пікірі, Қа­зақ­станның халық әртісі Қай­рат­ Байбосынов пен про­фес­­­сор­­ Се­рік­ Не­гі­мов­тың­ ма­қа­ла­ла­ры,­ басқа да ғалымдар мен­­ өнер­та­ну­шы­лар­дың­ ғы­­лы­ми­­ шолулары басылған.

Өз заманында өр ақын атан­­ған­­ Құл­ту­ма­ Өте­міс­ұлы­ жа­й­­ын­­да­­ жа­з­ыл­ған­ жаңа кітап ұл­­ты­мыз­дың­ руханият қорына қо­сыл­ған­ құнды дүние болмақ.

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 3 =