Атақты цирк әртістері – Астанада

0 195

«Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестивалі цирк өнерінің орталығы ретінде мереке күндері Астананың абыройын асқақтатпақ. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль бағ­дар­­ла­­масы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мәдени жетіс­тік­­терінің бірі саналады. Халықаралық цирк фестивалі аясында Астаналық цирк қала тұрғындары мен қонақтарына цирк «жұлдыздарының» және әлемдік деңгейдегі үздік жүргізуші әртістердің қатысуымен бірегей бағдарлама ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл Ресей, Италия, Беларус, Германия, Латвия, Украина, Өзбекстан, Қытай және Қазақстанның үздік цирк нөмірлерінің жиынтығы болмақ.

Фестиваль бағдарламасында әуе гимнастшылары, аттракциондар, экзо­­тикалық жан-жануарлар, шебер жонглерлер, акробаттар және сайқымазақтар бар.

Қа­зылар алқасының құрамына Италия, Беларус, Украина, Германия, Қытай, және ТМД елдеріндегі цирк өнерінің танымал тұлғалары енген.

Ал, өзіміздің елордалық цирк қала күніне жеке тосынсый дайындауда.

Аренаға шығатын жануарлар қазірдің өзінде елордаға жеткізіліп, цирк вольерларынан орын тапқан. Дженни мен Магга атты қос пілді 20 жылға жуық серік етіп, әлемді аралап өнер көрсетіп жүрген Сергей Гульевич фестиваль үшін арнайы Белоруссиядан келіпті. Бүгінде ол күніне 150 келі тамақ жейтін төрт аяқты достарын баптап, фестивальға дайындыққа кіріскен.

Гүлмира Аймағанбет

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 5 =