©2020 Астана Ақшамы
Атақты ғалымға арналды
Жуырда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да философия ғылымдарының докторы Жабайхан Әбділдиннің 80 жылдық мерейтойына арналған «Әлемдік философия дамуының өзекті мәселелері» атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Қазақтан шыққан көрнекті философтың атаулы ғылым саласына сіңірген еңбегі зор. Республикалық диалектикалық логика мектебінің негізін салуымен қатар, ол И.Канттың еңбектерін зерттеумен айналысқан еді. Аталмыш жиынды университет ректоры Ерлан Сыдықов құттықтау сөзімен ашты. Білім және ғылым министрлігінің, сонымен қатар еліміздің облыс және қала әкімдерінің ыстық ықыласпен жазылған хаттары да оқылды.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Серік Өмірбаев университет көлемінде маусым айында Жабайхан Әбділдин оқуларын өткізу жоспарланып отырғанын айтты «Нұр Отан» ХДП басқарма бастығы Сахип Қуанышбек, Ресей ғылым академиясының академигі Сергей Никольский, Францияның белгілі ғалымы Альберт Фишлер, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Әлия Мұхамбетжанова ғалым туралы жылы лебіздерін білдірді. Ұлт намысын ту еткен жалынды сөздер студенттердің көңіліне сәуле түсіргені анық.
Балжан СМАИЛОВА,
Еуразия ұлттық университетінің
І курс студенті