Атақты боксшы футболдан кубок иегері

0 12

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындары мен әлем біріншілігінің финалисі Әділбек Ниязымбетов футболдан Нұр-Сұлтан қаласының Кубогы турнирінде жеңімпаз атанды.Нұр-Сұлтан қаласының кубогы үшін 8 команда бәсекеге түсті. Елорданың қалалық чемпионатында бұрыннан үздіктер қатарынан көрініп жүретін «Достар», «Astana City», «Тұңғыш Президент Қоры», «№8 СДЮСШОР» командаларымен қатар жаңадан құрылған ұжымдар да болды. Соның бірі кәсіпкер Ержан Ауғалиев ұйымдастырған «Абай» командасы болды. Міне, осы команда сапында ойнаған атақты боксшы Әділбек Ниязымбетов бірнеше гол соғып, өзінің тәп-тәуір футболшы екенін көрсете білді. Бір айтарлығы, турнир барысында «Абай» командасы барлық қарсыластарын жеңіп шықты. Құрамында «Астана» футбол клубының түлектері Ардақ Сәулет, Айхан Қожабеков, Рамазан Каримов және басқа да спортшылар өнер көрсеткен «Абай» командасына Нұр-Сұлтан қаласы футбол федерациясының Кубогы, алтын медаль және диплом табыс етілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды