©2020 Астана Ақшамы
«Атамекен» акциямен ашылады
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа маусымын 1 мамыр күні ашады.
Кешеннің ашылуына орай «Мәңгілік елге саяхат» тақырыбында қайырымдылық патриоттық акциясы өтеді. Жастардың отансүйгіштік қасиетін көтеруге бағытталған акцияға қала мектептерінің оқушылары шақырылады. Айтулы шараға көрнекті қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады.