Аталар рухына тағзым

0 234

Кеше Ұлы Жеңіс күніне орай Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен қалалық Орталық қорымдағы майданнан оралмаған жауынгерлер мен соғыс құрбандарына арналған ескерткіш басына «Әшекейленген Даңқ гүл тізбегі» мен басқа да гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Арнайы автошеру ұйым­дас­­тырылып, салтанатпен сап­ түзеген әртүрлі әскери қыз­­мет­­керлер легі сырнайлатып-кер­­ней­­лете бастап жүрген еске алу­­шы­­лар қатарында Ұлы Отан соғы­­сының ардагерлері, жауынгер-интернационалистер, жергілікті мемлекеттік орган басшылары, үкіметтік емес және жас­тар ұйымдарының өкілдері болды. Дәстүр бойынша бір минут үнсіздік жарияланып, аруақтарға құран бағышталды. Одан кейін кезегімен сөз алған шараға қатысушылар ардагерлерді Ұлы Жеңістің 68 жылдығымен құттықтап, олардың жанқиярлық ерліктері үшін алғыстарын айтты.

Е.БЕЙСЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 5 =