©2020 Астана Ақшамы
Ата дәстүрін ардақтаған азбайды
Бүгінгі таңда елімізде жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады. 17 миллионға жуық халқы бар полиэтникалық мемлекетке айналдық. Бұл ретте ұлтаралық келісімнің тұрақты болуы, ең алдымен, жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігінің, яғни, оның даналығы мен кеңдігінің арқасы екенін айтуымыз керек.
Елбасы өз Жолдауында «Ендігі қазақ қоғамында көпшілікті толғандыратын мәселенің бірі – діни ахуалдың жай-күйі. Әрине, біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзхәбын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы, үлкендерді сыйлауға негіздеген. Біздің ата-бабаларымыз ешуақытта қыз баланың бетін бүркемеген. Ендеше бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» деді. Осылайша ата-бабадан қалған дәстүр сабақтастығын жалғастыруды айта келе, дін саласына ерекше мән беріп, назардан тыс қалдырмады. Өйткені, Қазақстандағы этникалық бұл үйлесімділікті әлемге әйгілі жетекші мемлекеттер жоғары бағалады, мойындап қана қоймай, тәжірибе алаңына айналдыруға ықылас білдіргені – осыдан.
Жасұлан АБДРАХМАНОВ,
дінтанушы