Ата дәстүрін ардақтаған азбайды

0 94

Бүгінгі таңда елімізде жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұ­рады. 17 миллионға жуық халқы бар полиэтникалық мем­лекетке айналдық. Бұл ретте ұлтаралық келісімнің тұ­рақты болуы, ең алдымен, жергілікті халықтың ұлттық ерек­шелігінің, яғни, оның даналығы мен кеңдігінің арқасы еке­нін айтуымыз керек.  

Елбасы өз Жолдауында «Ендігі қазақ қоғамында көпшілікті тол­ғандыратын мәселенің бірі – діни ахуалдың жай-күйі. Әрине, біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзхәбын ұстанатын сүн­нит­терміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы, үлкендерді сыйлауға не­гіздеген. Біздің ата-бабаларымыз ешуақытта қыз баланың бетін бүр­кемеген. Ендеше бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ізгі дін – ислам дінін қа­дірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» деді. Осылайша ата-бабадан қалған дәстүр сабақтастығын жалғастыруды айта келе, дін саласына ерекше мән беріп, назардан тыс қалдырмады. Өйткені, Қа­зақстандағы этникалық бұл үйлесімділікті әлемге әйгілі жетекші мем­лекеттер жоғары бағалады, мойындап қана қоймай, тәжірибе ала­ңына айналдыруға ықылас білдіргені – осыдан.

Жасұлан АБДРАХМАНОВ,
дінтанушы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × five =