Ата – аналардың назарына!

0 94

Астана қаласының Білім басқармасы Сіздердің назарларыңызға қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім ұйымдарындағы (жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік лицейлер және колледждердің 1-2 курс оқушылары) сабақтарды тоқтату параметрлерін ұсынады.

Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақса­тында білім ұйымдарында сабақ­ты тоқтатудың төмендегідей па­ра­­метрлері Астана қаласы әкім­дігімен келісіп белгіленді:
1-4-сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдам­дығына сәйкес) болғанда;
1-9-сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда ;
1-11(12)-сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін) – 35 градустан төмен болғанда;
Сабақты тоқтату туралы ақпарат:
– «31 – канал», СТВ теледидар арнасының жүргіртпе жолында сағат 6.30-тен 7.00-ге дейін (бірінші ауысым үшін) және 12.15-тен 12.45-ге дейін (екінші ауысым үшін);
– сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9. 00-ден – 18.00-ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады.
– ата-аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.
Сабақ тоқтату параметрлері туралы Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтынан оқуға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + 7 =