Асық ойнап, арқан тартты

0 121

Қазақстандағы Ғылым күні мерекесі аясында С.Сей­фул­­лин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтті.  

Іс-шара барысында отандық ғылымның дамуына, ғылымды инновациялау-коммерцизациялауға зор үлес қосқан ғалымдарды, үздік факультеттерді марапаттау рәсімі де өтті. Сондай-ақ, «Сәукеле кигізу», «Ат тергеу», «Ашамайға мінгізу» сынды игі дәстүрлердің жастар арасында жаңғыртты. Наурыз мейрамы аясында ұлттық асық ойынын жаңғырту мақсатымен «Асығыңыз алшысынан түссін» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Сайыста құрамына беделді журналистер енген «Халық сөзі» газетінің құрама командасы мен Қазақ агротехникалық университетінің «ҚазАТУ қырандары» қатысқан 8 студент бақ сынады. Ойын қорытындысы бойынша бас жүлдені ҚазАТУ студенттер құрамасы иеленді. Сондай-ақ, «Қазақ күресі», «Арқан тарту» сынды ұлттық ойындардан жарыс өтті, мерекелік концерт болды. Жалпы саны 600 адам қатысқан батырлар, шешендер, ертегі кейіпкерлері қатысатын «Керуен» тарихи прологынан қойылым болды. «Қыз сыны» байқауы өтіп, «Жігіт сұлтаны» сараланды.

Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамының мерекелік бағдарламасы арнайы бағдарламамен жалғасын тапты. Кешкі уақытта «Аграрка сарбаздары» КТК командасының ұйымдастыруымен «Ақсүйек» ойыны ұйымдастырылды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + seventeen =