Асық ойнаған озады

0 141

Астанада 5-ші мәрте ғалым-этнограф, жазушы Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған асық атудан «Алтын сақа» турнирі өтеді.

Астана күні мерекесі қарса­ңында жыл сайын думанды кон­церттер ұйымдастырылып, түр­лі спорттық сайыстар өтеді. Биыл да елорда жұртшы­лы­ғы назарына ұсы­нылатын шаралар саны аз емес. Соның бі­регейі «Ал­тын сақа» тур­­нирі болмақ. Ұйым­дас­­ты­ру­шылар «бұл дода бар­лық аста­налық­тар­­дың қызы­­ғу­шы­­лығын туғызуы қажет», деп са­най­ды. Себе­бі, ол – үл­кенді де, кішіні де бір­дей баурайтын кере­мет ойын.

Қазақстанда кейінгі жылдары ұлттық ойын­дарға, соның ішінде асық ойнына деген қызы­ғушылық ар­тып келеді.

Асық ату – бұл тек ойын түрі ғана емес, көшбасшы­лыққа, епті­лік пен батылдыққа тәрбие­лейтін спорт­тың түрі болып табылады.

Ұлттық ойы­нымыз – асық ату сайысын өткізу­дегі негізгі мақсат – ұлт­тық спорт түрін жаң­ғыр­ту жә­не дамыту, сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақ­­та­­ры­ның, әсіресе, бала­лар­дың спортқа қы­зы­ғушы­лығын арттыру.

Турнир 7 шілдеде «Дәу­лет» спорткомби­натында өтеді деп жос­пар­ланған. Асық атуды жетік меңгерген мер­гендер мен спортсүйер қауым осы жерде бас қо­сады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етіледі.

Ұлт­тық ойынмен жіті таныстыру мақсатында Аста­наның тұрғындары мен қонақтарына асық ату ойыны туралы әдіс­теме­лік құралдар үлес­тірілетін болады.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 3 =