АСЫҚ АТЫП, АРҚАН ТАРТТЫ ТОПТАЛА

0 302

450_53be2f0c978b2

Кеше №74 мектеп-гимназияда ұлттық спортты қолдап, насихаттау мақсатында «Ұлттық ойында ұлағатты тәрбие бар» атты шара өтті.

Оған Астана қаласы Білім басқармасына қарасты «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Нұрлан Тәженов қатысып: «Ұлттық рухты көтеретін спорттық ойындарымыздың жер-жерде жиі ойналуы үрдіске айналып, осындай шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрса, бұл – асығымыздың алшысынан түскені» деді.

Шарада оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Ұлттық спорт ойындарына оқушылармен бірге мұғалімдер, ата-аналар және қонақтар қатысып, бақ сынады. Асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, жілік сындыру, күрес сынды ойындарды көпшілік қызыға тамашалады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 1 =