Асық атқан азбайды

0 14

Асық атудан өткен онлайн чемпионатта елордалық ерлер құрамасы бірінші орын алып, төрт дүркін ел чемпионы атанды.

5-9 қараша аралығында өткен Қазақстан Рес­публикасының чемпионатына 12 команда қатысты. Атап айтсақ, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Ақмола, Түркістан, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласының спортшыларынан құралған командалар бақ сынады.
Жарыс нәтижесі бо­йынша Әділхан ­Жұмағұлов, Мырзамұрат Қайыпбеков, Нұрқанат Молжігітов бастаған елордалық ерлер құрамасы төртінші рет чемпиондық атақтарын сақтап қалды. Екінші орынды Түркістан облысы иеленсе, үшінші орынға Ақмола облысы қол жеткізді.
Ал астаналық қыздар командасы «Бес асық» бойынша 2-орын алды. Топ құрамында Анаргүл Ходжаниязова, ­Айжан Серікова, Ұлжалғас ­Худайбердиева өнер көрсетті. Олар Қостанай облысының спортшыларына есе жіберіп, солтүстікқазақстандық спортшылардан басым түсті.
Қаламызда асық ату спортымен 300-ге жуық адам айналысады. Олардың ішінде мектеп оқушыларымен қатар ересектер де бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 5 =