«АСТАНАТЕЛЕКОМ» КТО «БІЗ СІЗДЕРДІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІЗ!» АКЦИЯСЫ

0 155

IMG_2044

«Қазақтелеком» АҚ-ның 20 жылдығына орай «Астанателеком» ҚТО күні бойы абоненттерге қызмет көрсетумен айналысып, «Біз сіздерді жақсы көреміз!» акциясын ұйымдастырды.

Сол күні «Астанателеком» ҚТО Бас директоры Ермек Қуанышбеков бірнеше сағат «160» қызметінің маманы ретінде елордалықтарға қалтқысыз қызмет көрсетті. Бұл ретте Ермек Болатұлы қала тұрғындарынан келіп түскен әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, олардың өтініш-тілектерін қағазға түртіп отырды.

– Астаналық абоненттерді біздің жұмысымыздағы жаңа қызметтер қатты қызықтырады екен. Бұл ретте олар алдағы уақытта ұйымдастырылатын акциялар жөнінде, тарифтер, телекоммуникация қызметтері үшін төлем төлеудің тиімді әдістері туралы, сонымен бірге жаңа телефон орнату жайында кеңірек білгісі келетіндіктерін жеткізді. Ең бастысы, біздің орталыққа хабарласқан қала тұрғындарының көпшілігі «Астанателеком» ҚТО-ның жұмысына жақсы баға беріп, қызметкерлеріміз жайлы жылы пікірлерін білдірді. Мен, әрине, соған қуандым. Біз үшін клиенттеріміздің сенімі бәрінен де жоғары, – деді Е.Қуанышбеков.

Жалпы, «Астанателеком» ҚТО-ның халықпен байланыс орталығында 40-тан астам оператор жұмыс істейді. Олар күн сайын 4 мыңға жуық абонентке, ал әр оператор бір күннің ішінде 100 абонентке қызмет көрсетеді.

Қалалық телекоммуникация орталығының техникалық директоры Александр Герасько болса сол күні техникалық қызметкер кейпіне еніп, күні бойы абоненттердің үйлеріне барып, инсталляциялар жасаумен, байланыс желілеріндегі ақауларды жойып, профилактикалық жұмыстарды жүргізумен айналысты. Техникалық қызметкерлердің жұмысын көзімен көріп қана қоймай, сол жұмыстарды өз қолымен атқарып қайтқан директорға бұл іс жақсы таныс. Өйткені, А.Герасько еңбек жолын монтер болып  бастаған болатын. Сондықтан осы жұмыстарды атқара жүріп, ол жастық шағын, сол кездің қиындықтары мен қызықтарын есіне алды.

Техникалық директордың айтуынша, бүгінгі таңда «Астанателком» ҚТО-ның телекоммуникациялар желілерінде барлығы 530 қызметкер жұмыс істейді. Бұл ретте желі жұмысына үнемі талдау жүргізіліп, DossierQA бағдарламалық кешені арқылы клиенттермен сауалнама ұйымдастырылып тұрады. Ол, әрине тұрғындармен арадағы байланысты нығайтып, көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға және желіде болатын ақауларды азайтуға мүмкіндік береді.

Акция аясында коммерциялық директор Даркүл Мешітбаева да орталық агенттікте абоненттерді қарсы алып, оларға жаңа қызметтер, инфокиоскілер арқылы төлем төлеу жөнінде консультациялар берді. Осыдан жиырма жыл бұрын телекоммуникация қызметтерін ұсыну орталығының бастығы болып жұмыс істеген ол мұнда келген тұрғындар арасында сауалнама жүргізді. Соның нәтижесінде абоненттердің 95 пайызы «Астанателеком» қызметіне көңілі толатындықтарын жеткізген. Осыған орай, коммерциялық директор қуанышын жасыра алмады. «Халықпен жұмыс істей жүріп, олардың біздің қызметімізге алғыстарын білдіргенде, сөз жоқ, өзім де шексіз риза болдым. Ел игілігі үшін еңбек ету  қандай бақыт!» деді ол.

DSC04601

Мамандардың мәлімдеуінше, «Астанателеком» ҚТО қазіргі кезде 248 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді екен. Соның ішінде 20 мыңға жуық тұрғын iD Phone сауда белгісімен sip-телефония қызметін пайдаланса, ғаламтор желісін кең жолақты қатынау қызметі арқылы пайдаланатындар саны 106 мыңнан асады. Ал, тұтынушылардың 37 мыңнан астамы iD Net қызметіне және 35 мыңға жуығы iD TV қызметіне қосылыпты.

«Біз сіздерді жақсы көреміз!» атты шара соңында мерекелік акцияға қатысушылар қазақтелекомдықтарды 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. «Қазақтелеком» – барлық істі уақытында, сапалы әрі адал атқаратын сенімді компания екенін ескере келе, олар аталмыш орталық қызметтерін қолданатындықтарын айтып, абоненттерге деген қамқорлықтары үшін ризашылықтарын жеткізді.

 Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × two =